SlideShare ist ein Scribd-Unternehmen logo
1 von 12
Downloaden Sie, um offline zu lesen
http://shymkent.gov.kz
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа
есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар
басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
№190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру кездесулерін өткізу
жоспарланып, 2017 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Қаратау ауданы әкімі 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы
халық алдында 3 жерде есеп беруді жоспарлап отыр.
Аудан аумағы 32256 га құраса, аудан көлемінде 213 мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 17 шағын аудан мен 13 тұрғын
алабтар орналасқан.
Аудан әкімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесулерінде түскен 39 ұсыныс пен өтініштер бойынша
іс-шаралар жоспары түзіліп, құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мәліметі жергілікті баспасөз беттерінде
жарияланды.
http://shymkent.gov.kz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН
НАСИХАТТАУ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша қалалық
және аудандық ақпаратық-насихаттық топ құрылып, жолдауды насихаттау жиындарының кестесі түзілді. Аталған кестеге
сәйкес, аудан көлемінде орналасқан мектептер, денсаулық сақтау мекемелері мен ірі кәсіпорындарда 14 кездесу
ұйымдастырылып, 1460 аудан тұрғындары қатысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам»
жоспарын насихаттау мен түсіндіру мақсатында, аудандық-насихаттық топ құрамы халыққа қызмет көрсету орталығының
қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, кәсіпкерлер, мәдениет саласы қызметкерлері және аудан әкімі
аппаратының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, оған 1400 азамат қатысты.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде бірқатар
жұмыстар атқарылды.
АУДАН БЮДЖЕТІ
Қаратау ауданының бюджеті 2016 жылы 612 475,0 мың теңгені құрады.
Оның ішінде:
– Аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамсыз етуге – 102 689,0 мың теңге;
– Аудан көлемінде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға – 5000,0 мың теңге;
– Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге – 151 175,0 мың теңге;
– Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға – 29 017,0 мың теңге;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізуге – 292 170,0 мың теңге
– «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту
шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру бағдарламасы аясында – 32 424,0 мың теңге бөлінді.
http://shymkent.gov.kz
ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ
Қаратау ауданы әкімі аппаратына 2016 жылы жалпы саны 3858 құжат келіп түскен. Оның ішінде, жеке тұлғалардан – 371,
заңды тұлғалардан – 43, жеке қабылдауда – 135, басқа мекемелерден – 3309 өтініш түсті. Аталған өтініштер бойынша 2899-не
толық жауап берілді, 901– мәлімет үшін, ал 58-і орындалуда.
САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Қаратау ауданы бойынша санитарлық тазалық пен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2016 жылы бюджеттен 180 192,0
мың теңге бөлінді. Оның ішінде, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге – 151 175,0 мың теңге, ал абаттандыру мен
көгалдандыруға – 29 017,0 мың теңге.
Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орамдық жолдары мен аулаларды санитарлық тазалау жұмыстары 10 аумаққа бөлініп, оған аудан
әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Санитарлық тазалау және бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстарын «Жан
Мейір» ЖШС, «Ақсемсер строй сервис» ЖШС, «Шымкент Транс Сервис» ЖШС, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Кәусар ГРУПП» ЖШС
мекемелері жүргізуде. Ал, елдімекендерді абаттандыру және көріктендіру жұмыстарын «Қаракөл ЛТД» және «Шымкент Транс
Сервис» ЖШС мекемелері атқаруда. Жалпы жыл басынан 17416 м3 күл-қоқыс шығару, 93 км ирригациялық жүйелерді тазалау, 12 129
дана ағаш түбін әктеу, 4000 дана ағаштарды санитарлық қырқу және 217 га аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылған.
Сонымен қатар, бей-берекет қоқыс тасталатын орындарды жою мақсатында елдімекен тұрғындарымен қатты тұрмыстық
қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаратау ауданы
аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Экоспецтранс» ЖШС, «Экотрансстрой» ЖШС, «Руденко» ЖК, «Вейсалидзе»
ЖК, «Спецавтотранспорт» ЖШС мекемелері айналасуда.
Сондай-ақ, бей-берекет қоқыс тастаушыларды тәртіпке шақыру үшін, Қаратау ауданы мамандары мен ішкі істер қызметкерлерінің
бірлескен рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылуда. Рейдтік шаралар барысында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы
бойынша 236 хаттама толтырылып, 178 тұлға қамауға алынса, 58 тұлғаға 948 845 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілген.
Қала әкімінің 2016 жылғы 17 наурызындағы «Таза қала» атты байқауын өткізу туралы №43 өкіміне сәйкес, «Үздік аула»
номинациясы бойынша 27 аула және «Үздік көше» номинациясы бойынша 43 көше қатысып, жеңімпаздар марапатталды.
Аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және көріктендіру мақсатында, тұрғындардың, үй басқарушыларының
және мекемелердің қатысуымен көктем-күз мезгілдерінде аудан көлемінде 10 рет сенбіліктер өткізіліп, сенбілікке 17 000-нан астам
http://shymkent.gov.kz
адам, 42 техника қатыстырылды. Сенбіліктер кезінде 17 шақырым арық-атыздар, 26 шақырым аяқжолдар мен оларға іргелес
аумақтары тазаланды, 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылды, 350 м3 күл-қоқыс шығарылды.
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аудан көлеміндегі көпқабатты үйлер ««Нұрсәт»» шағынауданында орналасқан. Аталған көпқабатты үйлерге
«Спецкомплектсервис» ЖШС және «Қызметкер СК» ЖШС сервистік компания қызмет көрсетеді. Тұрғындарға қолайлы
жағдай жасау үшін кіреберістер мен баспалдақтарды тазалап жуу, кәріз жүйелерін тазалау, жертөледен суды шығару, үй
ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, 32 көпқабатты
тұрғын үйлердің кіреберістеріне тұрғындардың өз есебінен қайтарымды негізде (пайызсыз) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шымент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Нұрсәт» шағынауданындағы көп қабатты үйлердің тұрғындарымен пәтер
иелерінің кооперативтерін құру бойынша бірнеше рет жиналыстар өткізіліп, тұрғындардың және үй басқарушылардың
ұсынысы негізінде шағын ауданда басқарушы компания құру қажеттігі келісілді. Қазіргі таңда, «Нұрсәт» шағынауданында
«ОҚО үйлерді басқару» ЖШС және «Шымкент Сити» ЖШС басқару компаниялары құрылып, көп қабатты тұрғын үйлердің
үй басқарушыларымен келісім-шарттар түзілуде.
АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Қаратау ауданы Тассай және Таскен елді мекендерінде жалпы 7 ауланы абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату
жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен 134 724,0
мың теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда, мердігер «Өмірзақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтап, аулалар мен ойын
алаңшалары пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, «Нұрсәт» шағынауданындағы 28 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшалары мен спорттық
жаттығу тренажерларын орнатуға сметалық есептері жасалынып, 2017 жылдың бюджетін қалыптастыру мақсатында қалалық
экономика және қаржы бөліміне ұсынылды. Сонымен қатар, «Нұрсәт» шағынауданында тозығы жеткен 9 ауланы абаттандыру
мақсатында, сметалық есептері әзірленуде. Сметалық есептер дайын болғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджетке
ұсыныс берілетін болады.
http://shymkent.gov.kz
Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және балаларды спортқа баулу мақсатында, «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан
көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына ашық спорт алаңшаларын салу үшін 6 жер телімі таңдалып, аталған жер телімдері бос немесе
бос еместігін анықтау мақсатында қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ
Аудан аумағындағы тұрғындардың кешкі және түнгі уақыттарда қауіпсіз жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау, қылмыстың
алдын-алу және азайту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Нұрсәт» шағынауданындағы барлық көп қабатты
үйлерінің ауласына жарықтандыру бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 93 шақырым болатын 82 көшеге түнгі
жарықшамдар орнатылған. Аудан аумағындағы орталық көшелер мен әлеуметтік нысандарға баратын көшелер бойын
жарықтандыру мақсатында 18 елді мекеннен 64 көшені жарықтандыру мақсатында қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
бөлімімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Сайрам аумағы бойынша тұрғындардың өз қаражаттары есебінен жалпы ұзындығы 29 шақырым болатын 17 көше
жарықтандырылып отыр.
Сонымен қатар, пәтер, көлік, қалта ұрлығы т.б. қылмыстардың алдын-алу үшін 2016 жылы «Қауіпсіз қала» атты іс-шараға сәйкес
«Нұрсәт» шағынауданындағы көп қабатты үй аулаларына 57 дана бейне бақылау камералары орнатылды.
ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
«Нұрсәт» шағынауданында жалпы саны 239 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 226 көпқабатты тұрғын үй
«Қуатжылуорталық» МКК орталық жылу жүйесінен жылумен қамтылады. 13 көпқабатты тұрғын үй автономды түрде жылытылады.
«Нұрсәт» шағынауданындағы жылу алатын үйлерге сығымдау жұмыстарын кезең бойынша жүргізу кестесі түзіліп, орталық жылу
жүйесіне қосылған үйлердің сығымдау жұмыстарын «Спецкомплектсервис» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС сервистік мекемелері
орындады. Жалпы, «Нұрсәт» шағынауданы бойынша қазіргі таңда 226 көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері сығымдаудан
жаппай өтіп, жылуға қосылған.
Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында көпқабатты үй тұрғындарына жылу есептегіш құралдарының тиімділігі туралы түсіндіру
жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, ««Нұрсәт»» шағынауданындағы 31 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдары
орнатылды.
http://shymkent.gov.kz
ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТУ
Қаратау ауданы аумағындағы елді мекен тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Қайнарбұлақ
саяжайында, «Ақжайық», «Қайтпас», «Достық-2» шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда абоненттеу
жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы сапалы электр жарығымен қамтылмаған «Азат», «Асар-2», «Нұртас», «Тұран»
шағынаудандары, Бозарық саяжайы, Тассай бөлімшесі, Сайрам, Тассай, Қайнарбұлақ тұрғын алаптарына қала әкімі
Ғ.Әбдірахымовтың 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес бюджеттен қаржы қаралып, ЖСҚ әзірленуде.
Сондай-ақ, Тассай шағынауданына электр трансформаторын орнатуға жер телімі анықталып, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС
тарапынан қуаттылығы 250 кВ электр трансформаторы, 11 дана электр бағаналары орнатылды.
АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аудан аумағындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандарда 23694 (58%) отбасы тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 16744
(34%) отбасы кесте бойынша, ал, 3000 (8%) отбасы тасымал сумен қамтылып отыр. Осыған сәйкес, аудан аумағындағы сапалы ауыз
сумен қамтылмаған елді мекендерді қамту мақсатында бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, Қайнарбұлақ саяжайын, Сайрам тұрғын
алабын, «Нұртас», «Ақжайық», «Қайтпас», «Мирас» шағынаудандарын сапалы ауыз сумен толық қамту жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда тұрғындарды ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
«Асар-2» шағынауданы бойынша ауыз су мәселесін шешу мақсатында «Казтриоком» ЖШС мекемесі қолдауымен тұрғындарға
ауыз су құбырын өз есебінен жүргізу жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі таңда, тұрғындардың құжаттары жинақталып, ауыз суға қосу
жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағындағы «Достық», «Асар-2», «Тұран» шағынаудандарын, Қайнарбұлақ, Бозарық саяжайларын, Қайнарбұлақ, Тассай,
Сайрам тұрғын алаптарын, Жаңақұрылыс аумақтарын сапалы ауыз сумен қамттамасыз ету үшін қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың 2016-
2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес бюджеттен қаржы қаралып, ЖСҚ әзірленуде.
Сонымен қатар, Мәртөбе тұрғын алабындағы тозығы жеткен ескі ауыз су құбырлары «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС
тарапынан модернизациялау бағдарламасы аясында жаңа ауыз су құбырларына ауыстырылды.
http://shymkent.gov.kz
ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ
Аудан аумағында жалпы 40443 тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде – 26924 тұрғын үй табиғи газбен қамтылған болса, 13519 –
тұрғын үй қамтылмаған. Аудан аумағындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Таскен тұрғын алабы мен
Мирас шағынауданында құрылыс жұмыстары атқарылып, бүгінгі таңда тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша табиғи газбен қамтылмаған шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қала әкімі
Ғ.Әбдірахымовтың 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына енгізілген болатын. Нәтижесінде, «Асар-2», «Тұран»,
«Достық» шағынаудандарын, Бозарық саяжайын, Тассай, Сайрам тұрғын алабтарын, Тассай бөлімшесін, Қайнарбұлақ тұрғын
алабын, Жаңақұрылыс аумағын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, ЖСҚ әзірленуде.
ЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ
Ағымдағы жылы облыстық және қалалық бюджеттен 2 395 900,0 мың теңгеге жалпы ұзындығы 110,3 шақырым құрайтын 82
көшеге күрделі, орташа және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі тарапынан 2017 жылға аудан
аумағында орналасқан елді мекендердің 34 ішкі орамдық көшелерін асфальттау мақсатында ЖСҚ әзірленуде.
Бүгінгі таңда, аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан 11 көшеге жалпы соммасы 128 527,0 мың теңгеге (12,65 км)
аяқ жолдар (тротуар) орнатылды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясы негізінде республикалық және облыстық бюджет
есебінен Сайрам аумағы бойынша 19 көшеге аяқ жол орнатуға 189 909,3 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Север
Юг Универсал» ЖШС бекітілген кестеге сәйкес атқарып, пайдалануға тапсырды.
Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен бюджет қаражатынсыз кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі шегінде
2016 жылы жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын 22 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, аудан аумағындағы шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы топырақ көшелерге шағал тас төсеу жұмыстарына
бюджеттен қаралған 62,5 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 21 шақырым құрайтын 25 көшеге шағал тас төселді.
http://shymkent.gov.kz
МӘДЕНИ-АҒАРТУ САЛАСЫ
Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2016 жылы мәдени-көпшілік, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аталған
барлық іс-шараларға аудан тұрғындары белсене қатысты. Жалпы аудан аумағында 12 мерекелік іс-шаралар, 2 конференция, 10
мерекелік акция, 1 слет, 1 форум, 2 семинар-жиналыстар ұйымдастырылды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында аудан белсенділері
аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды және ауданның әр түрлі салада жетістікке жеткен үздік жастарына аудан
әкімінің арнайы сыйлықақысы тапсырылды. Іс-шараға қатысқандардың саны 5 000-ға жуық адам.
ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмасына орай әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас
бөліктеріне, объектілерге атау беру және қайта атау мәселелері (есімдері ономастикалық объектілерге берілетін тұлғаларға қатысты
нақты критерийлерді әзірлеуге қатысты) бойынша тоқтамның ашылуына байланысты ағымдағы жылдың шілде айынан бастап аудан
аумағына қарасты Тассай тұрғын алабы, Ақжайық шағынауданы, Бозарық шағынауданы, Асар шағынауданы, Сайрам тұрғын
алаптарының атауы жоқ көшелеріне атау беру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, аудан бойынша Шымкент қаласы мәдениет
және тілдерді дамыту бөліміне 62 көшеге атау беруге ұсыныс жолданды.
Сонымен бірге, аудан аумағындағы көшелерге тақтайша ілу мақсатында Шымкент қаласы тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
бөліміне 2017 жылға 180 көшеге тақтайша ілу жөнінде бюджеттік ұсыным берілді.
ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ
Қаратау аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өз жұмысы барысында әйелдер
арасында қатерлі ісіктің алдын алу, отбасы және қыз бала тәрбиесі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және әйел азаматтардың
қоғамдағы рөлі бойынша 57 іс-шара атқарды. (Кездесулер-35, акциялар-1, семинар-тренингтер-1, семинар-жиналыс-1, отырыстар-2,
мерекелік іс-шара – 11).
Сонымен бірге, аудан әкімі көп балалы Тұрғынова Ізет (98 жаста), Қамбарова Анапия (80 жаста) қарт аналарды құттықтап,
«Отбасы күні» мерекесіне орай №4 облыстық перинаталдық орталығында мереке қарсаңында дүниеге перзент әкелген аналарды,
http://shymkent.gov.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 тамыздағы №305 Жарлығына сәйкес ауданның көп балалы аналарын «Алтын
алқа» және «Күміс алқамен» марапаттады.
ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫ МЕН ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ
Жыл басынан аудандық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп заңсыз сауда жасаушыларға Қазақстан Республикасының
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша 1 618 314 тенгеге 627 әкімшілік хаттама толтырылып,
оның 932 150 тенгесі өндірілді.
Аталған Кодекстің 505-бабына сәйкес 607 хаттама бойынша 1 648 125 теңге айыппұл салынып, оның 689 128 теңгесі
өндірілді.
Қаратау ауданы бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 351 ретсіз сауда
орны жойылды.
Ауданда орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп,
нәтижесінде заңсыз орналасқан:
– 66 дүңгіршектер мен контейнерлер және жеңіл құрылыс нысандары алынды;
– 8 заңсыз орналасқан киіз үй жойылды.
– 22 нысан жөнінде мақсатына сай пайдаланбауына байланысты тиісті шара қолдану үшін ОҚО бойынша өңіраралық жер
инспекциясына ұсыныстар жолданды.
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына және Шымкент қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларына
сәйкес, қалалық сәулет және қала құрылысы және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп, 552
заңсыз жарнама алынды.
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ТҰТЫНУ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ
Аудан аумағындағы 16 сауда орындағы бағаларға мониторинг жүргізіліп, (базарлар-2, сауда үйі-4, дүкендер-10) Қаратау ауданы
әкімдігі қызметкерлері тарапынан бағаларды тұрақты қадағалауда.
http://shymkent.gov.kz
Сонымен қатар, азық-түлік бағаларын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін әр аптаның жексенбі күндері Арғынбеков-Назарбеков
көшелерінің қиылысындағы «Рахима плаза» сауда үйі жанында 103 сауда нүктесінің қатысуымен жәрмеңкелер ұйымдастырылып
келеді.
МЕМЛЕКЕТТЕН БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫЛАР
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алуға үміткер
отбасыларды анықтау және қорытынды жасау мақсатында аудан аумағы бойынша 8 учаскелік комиссия құрылған.
Комиссия өз жұмысы барысында атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 93 отбасыға қорытынды берілсе, 7802 көп балалы
отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы алуға оң қорытынды берілді, сондай-ақ, 965 отбасыға бір реттік әлеуметтік көмек тағайындау
бойынша қорытынды шығарылды.
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында «Өрлеу» жобасына 211 отбасы қатысып, олар жұмыспен қамтылып, шартты
ақшалай көмектерін алды.
Сонымен қатар, Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 365
оқушы Қаратау ауданы әкімі аппараты мен аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 65 отбасыға бір
реттік азық-түлік көмегі берілді.
Сондай-ақ, «Жаңа жыл» мерекесіне орай, аудан әкімінің шыршасы ұйымдастырылып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан
400 балаға сыйлықтар берілді.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Нұр Отан»
партиясы өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті,
Қаратау аудандық прокуратурасы, Қаратау ауданы әкімі аппараты, денсаулық сақтау және білім саласы қызметкерлері, аудан
тұрғындарының қатысуымен 10 семинарлар өткізілген.
http://shymkent.gov.kz
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қаратау ауданында 2016 жылға арналған жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті
мекемелермен іс-шара жоспары бекітілген.
Іс-шара жоспарына сәйкес Қаратау ауданына қарасты мектептерде «Қару ұстау – қылмыс», «Біз салауатты өмір салтын
ұстанамыз», «Жастар– нашақорлыққа қарсы», «Діни экстремизм мен терроризмнің қаупі», «Жастар арасындағы зорлық-зомбылыққа
жол жоқ!» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен аудан аумағындағы барлық мектептерде кездесулер
өткізілді.
Сондай-ақ, мобилді топ Қаратау ауданы бойынша кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылық пен
қылмыстылықтың алдын алу мақсатында Қайнарбұлақ, Бозарық саяжайларында және «Нұрсәт» шағынауданындағы интернет-
клубтар мен қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық
мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.
МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ
Қаратау ауданы әкімінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №124 өкімімен аудан әкімі аппараты жанындағы мүлікті жария етуді өткізу
жөніндегі комиссиясы құрылған. Есепті кезеңде: 1699 өтініштер қабылданған, 1302 өтініш бойынша мүлікті жария етуге шешім
шығарылды; 397 өтініш жария етілуден бас тартылды. Жария етілген соммасы 13 977 659 561 теңгені құрады.
http://shymkent.gov.kz
АЛДАҒЫ УАҚЫТТА АТҚАРЫЛАТЫН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР
– Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:
өсім, реформалар, даму» Жолдауынан туындайтын мәселелер бойынша аудан аумағында нақты жұмыстардың жүргізілуін
ұйымдастыру;
– Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша
жұмыстарға белсене қатысу;
– Аудан әкімі аппараты жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның ішінде
аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмектерді
ұйымдастыру;
– Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету – күнделікті бақылауда болатын мәселе, оның
ішінде, көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың
алдын-алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу;
– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мәселелерін шешуге көмектесу мақсатында салық базасын ұлғайтуға
бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
– Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.

Weitere ähnliche Inhalte

Was ist angesagt?

Was ist angesagt? (17)

Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
 
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистеріЕңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріАбай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы
 
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәліметТұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
 
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығыҚылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыҮйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
 
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫШымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
 
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығыБелгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
 

Mehr von Zhanbolat Amankeldy

Mehr von Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
 
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
 

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

  • 1. http://shymkent.gov.kz Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланып, 2017 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Қаратау ауданы әкімі 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдында 3 жерде есеп беруді жоспарлап отыр. Аудан аумағы 32256 га құраса, аудан көлемінде 213 мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 17 шағын аудан мен 13 тұрғын алабтар орналасқан. Аудан әкімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесулерінде түскен 39 ұсыныс пен өтініштер бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мәліметі жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.
  • 2. http://shymkent.gov.kz ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша қалалық және аудандық ақпаратық-насихаттық топ құрылып, жолдауды насихаттау жиындарының кестесі түзілді. Аталған кестеге сәйкес, аудан көлемінде орналасқан мектептер, денсаулық сақтау мекемелері мен ірі кәсіпорындарда 14 кездесу ұйымдастырылып, 1460 аудан тұрғындары қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» жоспарын насихаттау мен түсіндіру мақсатында, аудандық-насихаттық топ құрамы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, кәсіпкерлер, мәдениет саласы қызметкерлері және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, оған 1400 азамат қатысты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды. АУДАН БЮДЖЕТІ Қаратау ауданының бюджеті 2016 жылы 612 475,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде: – Аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамсыз етуге – 102 689,0 мың теңге; – Аудан көлемінде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға – 5000,0 мың теңге; – Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге – 151 175,0 мың теңге; – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға – 29 017,0 мың теңге; – Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізуге – 292 170,0 мың теңге – «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру бағдарламасы аясында – 32 424,0 мың теңге бөлінді.
  • 3. http://shymkent.gov.kz ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ Қаратау ауданы әкімі аппаратына 2016 жылы жалпы саны 3858 құжат келіп түскен. Оның ішінде, жеке тұлғалардан – 371, заңды тұлғалардан – 43, жеке қабылдауда – 135, басқа мекемелерден – 3309 өтініш түсті. Аталған өтініштер бойынша 2899-не толық жауап берілді, 901– мәлімет үшін, ал 58-і орындалуда. САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ Қаратау ауданы бойынша санитарлық тазалық пен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2016 жылы бюджеттен 180 192,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге – 151 175,0 мың теңге, ал абаттандыру мен көгалдандыруға – 29 017,0 мың теңге. Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орамдық жолдары мен аулаларды санитарлық тазалау жұмыстары 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Санитарлық тазалау және бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстарын «Жан Мейір» ЖШС, «Ақсемсер строй сервис» ЖШС, «Шымкент Транс Сервис» ЖШС, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Кәусар ГРУПП» ЖШС мекемелері жүргізуде. Ал, елдімекендерді абаттандыру және көріктендіру жұмыстарын «Қаракөл ЛТД» және «Шымкент Транс Сервис» ЖШС мекемелері атқаруда. Жалпы жыл басынан 17416 м3 күл-қоқыс шығару, 93 км ирригациялық жүйелерді тазалау, 12 129 дана ағаш түбін әктеу, 4000 дана ағаштарды санитарлық қырқу және 217 га аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар, бей-берекет қоқыс тасталатын орындарды жою мақсатында елдімекен тұрғындарымен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаратау ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Экоспецтранс» ЖШС, «Экотрансстрой» ЖШС, «Руденко» ЖК, «Вейсалидзе» ЖК, «Спецавтотранспорт» ЖШС мекемелері айналасуда. Сондай-ақ, бей-берекет қоқыс тастаушыларды тәртіпке шақыру үшін, Қаратау ауданы мамандары мен ішкі істер қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылуда. Рейдтік шаралар барысында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы бойынша 236 хаттама толтырылып, 178 тұлға қамауға алынса, 58 тұлғаға 948 845 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілген. Қала әкімінің 2016 жылғы 17 наурызындағы «Таза қала» атты байқауын өткізу туралы №43 өкіміне сәйкес, «Үздік аула» номинациясы бойынша 27 аула және «Үздік көше» номинациясы бойынша 43 көше қатысып, жеңімпаздар марапатталды. Аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және көріктендіру мақсатында, тұрғындардың, үй басқарушыларының және мекемелердің қатысуымен көктем-күз мезгілдерінде аудан көлемінде 10 рет сенбіліктер өткізіліп, сенбілікке 17 000-нан астам
  • 4. http://shymkent.gov.kz адам, 42 техника қатыстырылды. Сенбіліктер кезінде 17 шақырым арық-атыздар, 26 шақырым аяқжолдар мен оларға іргелес аумақтары тазаланды, 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылды, 350 м3 күл-қоқыс шығарылды. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ Аудан көлеміндегі көпқабатты үйлер ««Нұрсәт»» шағынауданында орналасқан. Аталған көпқабатты үйлерге «Спецкомплектсервис» ЖШС және «Қызметкер СК» ЖШС сервистік компания қызмет көрсетеді. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін кіреберістер мен баспалдақтарды тазалап жуу, кәріз жүйелерін тазалау, жертөледен суды шығару, үй ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, 32 көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне тұрғындардың өз есебінен қайтарымды негізде (пайызсыз) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шымент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Нұрсәт» шағынауданындағы көп қабатты үйлердің тұрғындарымен пәтер иелерінің кооперативтерін құру бойынша бірнеше рет жиналыстар өткізіліп, тұрғындардың және үй басқарушылардың ұсынысы негізінде шағын ауданда басқарушы компания құру қажеттігі келісілді. Қазіргі таңда, «Нұрсәт» шағынауданында «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС және «Шымкент Сити» ЖШС басқару компаниялары құрылып, көп қабатты тұрғын үйлердің үй басқарушыларымен келісім-шарттар түзілуде. АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ Қаратау ауданы Тассай және Таскен елді мекендерінде жалпы 7 ауланы абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен 134 724,0 мың теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда, мердігер «Өмірзақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтап, аулалар мен ойын алаңшалары пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Нұрсәт» шағынауданындағы 28 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшалары мен спорттық жаттығу тренажерларын орнатуға сметалық есептері жасалынып, 2017 жылдың бюджетін қалыптастыру мақсатында қалалық экономика және қаржы бөліміне ұсынылды. Сонымен қатар, «Нұрсәт» шағынауданында тозығы жеткен 9 ауланы абаттандыру мақсатында, сметалық есептері әзірленуде. Сметалық есептер дайын болғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджетке ұсыныс берілетін болады.
  • 5. http://shymkent.gov.kz Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және балаларды спортқа баулу мақсатында, «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына ашық спорт алаңшаларын салу үшін 6 жер телімі таңдалып, аталған жер телімдері бос немесе бос еместігін анықтау мақсатында қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп жұмыстар атқарылуда. ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ Аудан аумағындағы тұрғындардың кешкі және түнгі уақыттарда қауіпсіз жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау, қылмыстың алдын-алу және азайту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Нұрсәт» шағынауданындағы барлық көп қабатты үйлерінің ауласына жарықтандыру бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 93 шақырым болатын 82 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылған. Аудан аумағындағы орталық көшелер мен әлеуметтік нысандарға баратын көшелер бойын жарықтандыру мақсатында 18 елді мекеннен 64 көшені жарықтандыру мақсатында қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Сайрам аумағы бойынша тұрғындардың өз қаражаттары есебінен жалпы ұзындығы 29 шақырым болатын 17 көше жарықтандырылып отыр. Сонымен қатар, пәтер, көлік, қалта ұрлығы т.б. қылмыстардың алдын-алу үшін 2016 жылы «Қауіпсіз қала» атты іс-шараға сәйкес «Нұрсәт» шағынауданындағы көп қабатты үй аулаларына 57 дана бейне бақылау камералары орнатылды. ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ «Нұрсәт» шағынауданында жалпы саны 239 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 226 көпқабатты тұрғын үй «Қуатжылуорталық» МКК орталық жылу жүйесінен жылумен қамтылады. 13 көпқабатты тұрғын үй автономды түрде жылытылады. «Нұрсәт» шағынауданындағы жылу алатын үйлерге сығымдау жұмыстарын кезең бойынша жүргізу кестесі түзіліп, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлердің сығымдау жұмыстарын «Спецкомплектсервис» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС сервистік мекемелері орындады. Жалпы, «Нұрсәт» шағынауданы бойынша қазіргі таңда 226 көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері сығымдаудан жаппай өтіп, жылуға қосылған. Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында көпқабатты үй тұрғындарына жылу есептегіш құралдарының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, ««Нұрсәт»» шағынауданындағы 31 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдары орнатылды.
  • 6. http://shymkent.gov.kz ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТУ Қаратау ауданы аумағындағы елді мекен тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Қайнарбұлақ саяжайында, «Ақжайық», «Қайтпас», «Достық-2» шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан аумағындағы сапалы электр жарығымен қамтылмаған «Азат», «Асар-2», «Нұртас», «Тұран» шағынаудандары, Бозарық саяжайы, Тассай бөлімшесі, Сайрам, Тассай, Қайнарбұлақ тұрғын алаптарына қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес бюджеттен қаржы қаралып, ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, Тассай шағынауданына электр трансформаторын орнатуға жер телімі анықталып, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан қуаттылығы 250 кВ электр трансформаторы, 11 дана электр бағаналары орнатылды. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Аудан аумағындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандарда 23694 (58%) отбасы тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 16744 (34%) отбасы кесте бойынша, ал, 3000 (8%) отбасы тасымал сумен қамтылып отыр. Осыған сәйкес, аудан аумағындағы сапалы ауыз сумен қамтылмаған елді мекендерді қамту мақсатында бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, Қайнарбұлақ саяжайын, Сайрам тұрғын алабын, «Нұртас», «Ақжайық», «Қайтпас», «Мирас» шағынаудандарын сапалы ауыз сумен толық қамту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғындарды ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. «Асар-2» шағынауданы бойынша ауыз су мәселесін шешу мақсатында «Казтриоком» ЖШС мекемесі қолдауымен тұрғындарға ауыз су құбырын өз есебінен жүргізу жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі таңда, тұрғындардың құжаттары жинақталып, ауыз суға қосу жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағындағы «Достық», «Асар-2», «Тұран» шағынаудандарын, Қайнарбұлақ, Бозарық саяжайларын, Қайнарбұлақ, Тассай, Сайрам тұрғын алаптарын, Жаңақұрылыс аумақтарын сапалы ауыз сумен қамттамасыз ету үшін қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың 2016- 2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес бюджеттен қаржы қаралып, ЖСҚ әзірленуде. Сонымен қатар, Мәртөбе тұрғын алабындағы тозығы жеткен ескі ауыз су құбырлары «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС тарапынан модернизациялау бағдарламасы аясында жаңа ауыз су құбырларына ауыстырылды.
  • 7. http://shymkent.gov.kz ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ Аудан аумағында жалпы 40443 тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде – 26924 тұрғын үй табиғи газбен қамтылған болса, 13519 – тұрғын үй қамтылмаған. Аудан аумағындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Таскен тұрғын алабы мен Мирас шағынауданында құрылыс жұмыстары атқарылып, бүгінгі таңда тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша табиғи газбен қамтылмаған шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына енгізілген болатын. Нәтижесінде, «Асар-2», «Тұран», «Достық» шағынаудандарын, Бозарық саяжайын, Тассай, Сайрам тұрғын алабтарын, Тассай бөлімшесін, Қайнарбұлақ тұрғын алабын, Жаңақұрылыс аумағын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, ЖСҚ әзірленуде. ЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ Ағымдағы жылы облыстық және қалалық бюджеттен 2 395 900,0 мың теңгеге жалпы ұзындығы 110,3 шақырым құрайтын 82 көшеге күрделі, орташа және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Шымкент қаласының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі тарапынан 2017 жылға аудан аумағында орналасқан елді мекендердің 34 ішкі орамдық көшелерін асфальттау мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Бүгінгі таңда, аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан 11 көшеге жалпы соммасы 128 527,0 мың теңгеге (12,65 км) аяқ жолдар (тротуар) орнатылды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясы негізінде республикалық және облыстық бюджет есебінен Сайрам аумағы бойынша 19 көшеге аяқ жол орнатуға 189 909,3 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Север Юг Универсал» ЖШС бекітілген кестеге сәйкес атқарып, пайдалануға тапсырды. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен бюджет қаражатынсыз кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі шегінде 2016 жылы жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын 22 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аудан аумағындағы шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы топырақ көшелерге шағал тас төсеу жұмыстарына бюджеттен қаралған 62,5 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 21 шақырым құрайтын 25 көшеге шағал тас төселді.
  • 8. http://shymkent.gov.kz МӘДЕНИ-АҒАРТУ САЛАСЫ Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2016 жылы мәдени-көпшілік, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аталған барлық іс-шараларға аудан тұрғындары белсене қатысты. Жалпы аудан аумағында 12 мерекелік іс-шаралар, 2 конференция, 10 мерекелік акция, 1 слет, 1 форум, 2 семинар-жиналыстар ұйымдастырылды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында аудан белсенділері аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды және ауданның әр түрлі салада жетістікке жеткен үздік жастарына аудан әкімінің арнайы сыйлықақысы тапсырылды. Іс-шараға қатысқандардың саны 5 000-ға жуық адам. ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмасына орай әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне, объектілерге атау беру және қайта атау мәселелері (есімдері ономастикалық объектілерге берілетін тұлғаларға қатысты нақты критерийлерді әзірлеуге қатысты) бойынша тоқтамның ашылуына байланысты ағымдағы жылдың шілде айынан бастап аудан аумағына қарасты Тассай тұрғын алабы, Ақжайық шағынауданы, Бозарық шағынауданы, Асар шағынауданы, Сайрам тұрғын алаптарының атауы жоқ көшелеріне атау беру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, аудан бойынша Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 62 көшеге атау беруге ұсыныс жолданды. Сонымен бірге, аудан аумағындағы көшелерге тақтайша ілу мақсатында Шымкент қаласы тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөліміне 2017 жылға 180 көшеге тақтайша ілу жөнінде бюджеттік ұсыным берілді. ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ Қаратау аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өз жұмысы барысында әйелдер арасында қатерлі ісіктің алдын алу, отбасы және қыз бала тәрбиесі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және әйел азаматтардың қоғамдағы рөлі бойынша 57 іс-шара атқарды. (Кездесулер-35, акциялар-1, семинар-тренингтер-1, семинар-жиналыс-1, отырыстар-2, мерекелік іс-шара – 11). Сонымен бірге, аудан әкімі көп балалы Тұрғынова Ізет (98 жаста), Қамбарова Анапия (80 жаста) қарт аналарды құттықтап, «Отбасы күні» мерекесіне орай №4 облыстық перинаталдық орталығында мереке қарсаңында дүниеге перзент әкелген аналарды,
  • 9. http://shymkent.gov.kz Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 тамыздағы №305 Жарлығына сәйкес ауданның көп балалы аналарын «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттады. ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫ МЕН ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ Жыл басынан аудандық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп заңсыз сауда жасаушыларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша 1 618 314 тенгеге 627 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 932 150 тенгесі өндірілді. Аталған Кодекстің 505-бабына сәйкес 607 хаттама бойынша 1 648 125 теңге айыппұл салынып, оның 689 128 теңгесі өндірілді. Қаратау ауданы бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 351 ретсіз сауда орны жойылды. Ауданда орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде заңсыз орналасқан: – 66 дүңгіршектер мен контейнерлер және жеңіл құрылыс нысандары алынды; – 8 заңсыз орналасқан киіз үй жойылды. – 22 нысан жөнінде мақсатына сай пайдаланбауына байланысты тиісті шара қолдану үшін ОҚО бойынша өңіраралық жер инспекциясына ұсыныстар жолданды. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына және Шымкент қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, қалалық сәулет және қала құрылысы және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп, 552 заңсыз жарнама алынды. ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ТҰТЫНУ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ Аудан аумағындағы 16 сауда орындағы бағаларға мониторинг жүргізіліп, (базарлар-2, сауда үйі-4, дүкендер-10) Қаратау ауданы әкімдігі қызметкерлері тарапынан бағаларды тұрақты қадағалауда.
  • 10. http://shymkent.gov.kz Сонымен қатар, азық-түлік бағаларын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін әр аптаның жексенбі күндері Арғынбеков-Назарбеков көшелерінің қиылысындағы «Рахима плаза» сауда үйі жанында 103 сауда нүктесінің қатысуымен жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді. МЕМЛЕКЕТТЕН БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫЛАР Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алуға үміткер отбасыларды анықтау және қорытынды жасау мақсатында аудан аумағы бойынша 8 учаскелік комиссия құрылған. Комиссия өз жұмысы барысында атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 93 отбасыға қорытынды берілсе, 7802 көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы алуға оң қорытынды берілді, сондай-ақ, 965 отбасыға бір реттік әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қорытынды шығарылды. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында «Өрлеу» жобасына 211 отбасы қатысып, олар жұмыспен қамтылып, шартты ақшалай көмектерін алды. Сонымен қатар, Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 365 оқушы Қаратау ауданы әкімі аппараты мен аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 65 отбасыға бір реттік азық-түлік көмегі берілді. Сондай-ақ, «Жаңа жыл» мерекесіне орай, аудан әкімінің шыршасы ұйымдастырылып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 400 балаға сыйлықтар берілді. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясы өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, Қаратау аудандық прокуратурасы, Қаратау ауданы әкімі аппараты, денсаулық сақтау және білім саласы қызметкерлері, аудан тұрғындарының қатысуымен 10 семинарлар өткізілген.
  • 11. http://shymkent.gov.kz ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ Қаратау ауданында 2016 жылға арналған жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті мекемелермен іс-шара жоспары бекітілген. Іс-шара жоспарына сәйкес Қаратау ауданына қарасты мектептерде «Қару ұстау – қылмыс», «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз», «Жастар– нашақорлыққа қарсы», «Діни экстремизм мен терроризмнің қаупі», «Жастар арасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен аудан аумағындағы барлық мектептерде кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, мобилді топ Қаратау ауданы бойынша кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында Қайнарбұлақ, Бозарық саяжайларында және «Нұрсәт» шағынауданындағы интернет- клубтар мен қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді. МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ Қаратау ауданы әкімінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №124 өкімімен аудан әкімі аппараты жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы құрылған. Есепті кезеңде: 1699 өтініштер қабылданған, 1302 өтініш бойынша мүлікті жария етуге шешім шығарылды; 397 өтініш жария етілуден бас тартылды. Жария етілген соммасы 13 977 659 561 теңгені құрады.
  • 12. http://shymkent.gov.kz АЛДАҒЫ УАҚЫТТА АТҚАРЫЛАТЫН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауынан туындайтын мәселелер бойынша аудан аумағында нақты жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру; – Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға белсене қатысу; – Аудан әкімі аппараты жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру; – Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету – күнделікті бақылауда болатын мәселе, оның ішінде, көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу; – Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мәселелерін шешуге көмектесу мақсатында салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру; – Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.