SlideShare ist ein Scribd-Unternehmen logo
1 von 17
Дәріс тақырыбы:14. Радиоактивті ыдырау заңының негізгі
физикалық мінездемелерін анықтау.
«Экология және геология» кафедрасы
аға оқытушы: Баймукашева Ш.Х.
Радиоактивтілік дегеніміз бір
химиялық элементтің тұрақсыз изотоптарының қарапайым
бөлшектер
мен ядролардың шашырауымен жүзеге асатын басқа бір изотопқа
айналуын айтамыз.
Негізгі айналу түрлеріне
1) α-ыдырау,
2) β-ыдырау
(оның ішінде К-жинақтау),
3) протонды радиоактивтілік
4) Ауыр ядролардың спонтанды бөлінуі жатады.
Радиоактивті қалдықтарға бұдан әрі пайдалануға жатпайтын кез
келген агрегатты жағдайдағы заттар жатады:
құрамындағы радионуклиді нормативті-техникалық құжаттамамен
белгіленген деңгейден асатын материалдар, өнімдер, жабдықтар,
биологиялық шығудағы объектілер;
қызмет мерзімін өткерген немесе зақымдалған радионуклидті көздер;
жер қойнауынан алынған және опырылулар мен қалдық қоймасына
қоймаланатын жыныстар, рудалар, байыту қалдықтары мен құрамындағы
радионуклиді нормативті-техникалық құжаттамамен белгіленген
деңгейден асатын руданы сілтіден айыру.
Радиоактивті қалдықтар агрегатты жағдайы бойынша сұйық, қатты
және газ тәрізді болып бөлінеді.
Сұйық радиоактивті қалдықтарға бұдан әрі
пайдалануға жатпайтын органикалық және
бейорганикалық сұйықтар, радионуклидтерінің
үлесті белсендігі сумен түскен кезде араластыру
деңгейінің мәнінен он есе артық асатын пульпалар
мен шламдар жатады.
Қатты радиоактивті қалдықтарға пайдаланылмаған, өзінің ресурсын
өткерген радионуклидті көздер, бұдан әрі пайдаланылуға жатпайтын
материалдар, өнімдер, жабдықтар, биологиялық объектілер, топырақ,
радионуклидтерінің үлесті белсенділігі мәннен артық қатайған сұйық
радиоактивті қалдықтар жатады, ал белгісіз радионуклидті құрамда үлесті
белсенділік:
Газ тәрізді радиоактивті қалдықтарға
өндірістік процесс кезінде көлемді
белсенділікпен пайда болатын, рұқсат
берілетін орташа жылдық көлемді
белсенділіктен асатын, пайдалануға жатпайтын
радиоактивті газдар мен аэрозельдер жатады.
1) бета-сәулелену көздері үшін 100 кБк/кг;
2) альфа-сәулелену көздері үшін – 10 кБк/кг;
3) трансуранды радионуклидтер үшін–1,0 кБк/кг.
Радиоактивті қалдықтар үлесті белсенділігі бойынша -кестеге сәйкес төмен
белсенді, орташа белсенді және жоғары белсенді болып үш санатқа бөлінеді.
Қалдық санаты
Үлесті белсенділік, кБк/кг
Бета-сәулелену
радионуклидтері
Альфа-сәулелену
радионуклидтері
(трансурандыны қоспағанда)
Трансуранды
радионуклидтер
Төмен белсенді 103 төмен 102төмен 101 төмен
Орташа белсенді 103 дан 107 дейін 102 дан 106дейін 101 дан 105 дейін
Жоғары белсенді 107жоғары 106 жоғары 105 жоғары
кесте – Сұйық және қатты радиоактивті қалдықтардың жіктелуі
Технологиялық регламенттерде келесі негізгі сұрақтар көрсетіледі:
- сұйық және қатты қалдықтарды тікелей олар пайда болатын орындарда жинауды ұйымдастыру;
- қалдықтарды есепке алу тәртібі және оларды уақытша сақтау талаптары;
- қалдықтарды ұйым ішінде тасымалдау тәртібі мен маршруттары;
- ұйымның радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау үшін пайдаланатын жинағыш-
контейнерлерді дезактивациялау тәртібі;
- қысқа мерзімді радионуклидтері бар радиоактивті қалдықтарды ұстау мен жою тәртібі;
- қалдықтар мен жұмысын өткерген көздерді көмуге беруді дайындау тәртібі;
- радиоактивті қалдықтармен жұмыс кезінде радиациялық бақылауды ұйымдастыру;
Радиоактивті қалдықтарды жинау тікелей олардың пайда болуы
орындарында келесілерді есепке алумен, қалыпты қалдықтардан бөлек
жүргізіледі:
- қалдықтар санаты;
- агрегатты жағдай (қатты, сұйық);
- физикалық және химиялық сипаттамалар;
- табиғи (органикалық және бейорганикалық);
- қалдықтарда болатын радионуклидтердің жартылай бөліну
кезеңі (15 тәуліктен кем, 15 тәуліктен артық);
- жарылыс және от қауіптіліктер;
- қалдықтарды өңдеудің қабылданған әдістері.
Контейнерлердің орналасу орны
сәулеленуді олардың шегінген тыс
рұқсат берілетін деңгейге дейін
төмендету үшін қорғаныс
жабдықтарымен жабдықталады.
Сұйық радиоактивті қалдықтар
ыдысқа жиналады. Олар
шоғырландырылуға жатады және
олар өздері пайда болған ұйымда
немесе радиоактивті
қалдықтармен жұмыс істейтін
мамандандырылған ұйымда қатты
жағдайға ауыстырылады, содан
кейін көмілуге жіберіледі.
Радиоактивті қалдықтарды көму
орындарын таңдау
гидрогеологиялық,
геоморфологиялық, тектоникалық
және сейсмикалық жағдайларды
ескерумен жүргізіледі. Бұл ретте
тұрғындар мен қоршаған ортаның
ұзақ мерзімді болжауын есепке
алумен радиациялық қауіпсіздік
қамтамасыз етіледі.
Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару
І санатты радиациялық
қондырғыларда пайдалану
мерзімі аяқталғанға дейін бес
жыл мерзімнен кешіктірілмей,
тұтас объектіні немесе оның
бөліктерін пайдаланудан
шығару жобасы өңделеді. ІІ
санатты радиациялық
қондырғылар үшін
пайдаланудан шығару жобасы
пайдалану мерзімі
аяқталғанға дейін үш жыл
мерзімнен, ІІІ санатты
радиациялық қондырғылар
үшін 1 жылдан кешіктірілмей
өңделеді.
Радиациялық қондырғыларда пайдаланудан шығару жобасы:
- қайта монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған қажетті
жабдықты дайындауды;
- өнеркәсіп қауіпсіздігін, жұмыстарды жүргізу кезінде
дозиметриялық және санитарлы-гигиеналық бақылауды
қамтамасыз ету бойынша шараларды;
- жөнделетін жабдықтың дезактивация әдістері мен құралдарын;
- радиоакитвті қалдықтарды пайдалану тәртібін;
- қоршаған ортаны қорғау шаралары және жұмыс барысында да,
сондай-ақ аяқталған соң да экологиялық жағдайды
қалыптандыруды құрайды.
Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
Тасымалдау, қорғау және
қауіпсіздікті жүзеге асыру
кезінде жекелеген мөлшер
үлкендігі, сәулеленуге
тартылған адам саны және
сәулелену нақтылығы барынша
нанымды төмен деңгейде
ұсталатындай, ал жеке
сәулелену мөлшері сәйкес
мөлшер шамасынан
аспайтындай
оңтайландырылады.
Иондайтын сәулелену
көздері бар орауларда және
оларды тасымалдайтын
көліктерде сәйкес нөмірлер,
таңбалар, этикеткалар мен
белгілер болады.
Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және
теміржол көлігімен тасымалдау
Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын
автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады:
•дайындаушының құрылымдық-техникалық сипаттамасына;
тіркеу құжаттарының деректеріне;
•иондайтын сәулелену көздерін қауіпсіз тасымалдау
шарттарына;
•автокөлік құралдарына қойылатын санитарлы-гигиеналық
критерийлерге;
•жол қозғалыс ережелеріне;
•еңбек режимі және жүргізушілер демалысын тіркеудің
бақылаушы құрылғыларымен жабдықталған
(тахографтармен) болады;
•тану белгілерімен жабдықталады;
•Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті
материалдарды тасымалдауға жіберілетін автокөлік
құралдарының рұқсаты болады;
•ақаусыз аспаппен және жабдықпен;
• жүргізушінің және ілесуші персоналдың жеке қорғаныс
құралымен жиынтықталған болады.
Иондайтын сәулелену көздерін автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын
жүргізуші иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау бойынша сапар
басталарға дейін рейсалды нұсқаулықтан өтеді және өзімен бірге келесі ілеспе
құжаттары болады:
- жүргізушінің Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті
материалдарды тасымалдауға рұқсаты туралы куәлігі;
- иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау маршрутының бланкісі;
- жүргізушіге нұсқаулық;
- көлік жапсырмасы;
- жүк жөнелтуші өңдеген авариялық жағдайдағы әрекет жоспары;
- тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жүк алушының, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз
етуді бақылау, жол қозғалысы қауіпсіздігін, қозғалыс маршруты бойынша орналасқан төтенше
жағдайлардың алдын алу мен тарату бойынша уәкілетті органдар мекен-жайы мен телефондары.
Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны
таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз
ету
Иондайтын сәулелену көздерін пайдалану
кезінде, аварияны тарату жоспарын өңдейді:
- радиациялық авариялардың алдын алу,
олардың салдарын жайылтпау мен тарату
бойынша жұмыстарға кәсіби авариялық-
құтқару қызметін тартады;
- қауіпті өндірістік объектілерде
жұмыскерлерді радиациялық авария, оқиға
жағдайындағы әрекеттер мен қорғаныс
әдістеріне үйретеді;
- радиациялық авариялардың салдарын
жайылтпау мен тарату үшін материалдық
және қаржылық ресурстар қоры болады;
- радиациялық жараланулардың алдын
алудың медициналық құралдары және
радиациялық авария кезінде зардап
шегушілерге медициналық көмек көрсету
құралдары болады.
Аварияны тарату жоспарының келесі бөлімдері болады:
- авария кезінде болжанатын радиациялық жағдайдың
ықтимал себептерін, түрлерін және аварияның даму
сценарийлерін есепке алумен радиациялық объектіде болуы
мүмкін аварияның болжамы;
- қорғаныс шараларын жүргізу туралы шешімдер қабылдауға
арналған критерийлер;
- аварияны және оның салдарын тарату кезінде өзара әрекет
жүзеге асырылатын ұйымдар тізбесі;
- авариялық радиациялық бақылауды ұйымдастыру;
- радиациялық авария өлшемі мен сипатын бағалау;
- авариялық жоспарды әрекетке енгізу тәртібі;
- хабарлау және ақпараттандыру тәртібі;
- авария кезінде персонал тәртібі;
- авариялық жұмыстар жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар
қабылдайтын әрекеттер;
- авариялық жұмыстар жүргізу кезінде персоналды қорғау
шаралары;
- өртке қарсы шаралар;
- тұрғындар мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;
- зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету;
- радиоактивті ластану ошақтарын (телімдерін) жайылтпау
мен тарату бойынша шаралар;
- персоналды авария жағдайындағы әрекетке дайындау мен
жаттықтыру.
Өндірістік телімдерде,
санитарлық өтулерде және
радиациялық объектінің
денсаулық пунктінде авария
кезінде зардап шегушілерге
алғашқы көмекке қажетті
құралдар жиынтығы бар дәрі
қорап, ал радиоактивті
заттармен ашық түрде жұмыс
жүргізілетін объектілерде
ластанған тұлғаларды
санитарлық өңдеуге арналған
толтырылған қор болады.
Оқу жаттығулары, дабылдар
уәкілетті органның аумақтық
бөлініс және авариялық-
құтқару қызметі өкілдерімен
бірге жүргізіледі.

Weitere ähnliche Inhalte

Mehr von Shynar8

13.1 лекция.pptx
13.1 лекция.pptx13.1 лекция.pptx
13.1 лекция.pptxShynar8
 
12. лекция.pptx
12. лекция.pptx12. лекция.pptx
12. лекция.pptxShynar8
 
лекция 11.pptx
лекция 11.pptxлекция 11.pptx
лекция 11.pptxShynar8
 
лекция 10.pptx
лекция 10.pptxлекция 10.pptx
лекция 10.pptxShynar8
 
лекция 9.pptx
лекция 9.pptxлекция 9.pptx
лекция 9.pptxShynar8
 
лекция 8.pptx
лекция 8.pptxлекция 8.pptx
лекция 8.pptxShynar8
 
лекция 7.pptx
лекция 7.pptxлекция 7.pptx
лекция 7.pptxShynar8
 
лекция 6.pptx
лекция 6.pptxлекция 6.pptx
лекция 6.pptxShynar8
 
лекция 5.pptx
лекция 5.pptxлекция 5.pptx
лекция 5.pptxShynar8
 
лекция 4.pptx
лекция 4.pptxлекция 4.pptx
лекция 4.pptxShynar8
 
лекция 3.pptx
лекция 3.pptxлекция 3.pptx
лекция 3.pptxShynar8
 
лекция 2.pptx
лекция 2.pptxлекция 2.pptx
лекция 2.pptxShynar8
 
лекция 1.pptx
лекция 1.pptxлекция 1.pptx
лекция 1.pptxShynar8
 
лекция 15.pptx
лекция 15.pptxлекция 15.pptx
лекция 15.pptxShynar8
 
лекция 13.pptx
лекция 13.pptxлекция 13.pptx
лекция 13.pptxShynar8
 
лекция 11.pptx
лекция 11.pptxлекция 11.pptx
лекция 11.pptxShynar8
 
лекция 10.pptx
лекция 10.pptxлекция 10.pptx
лекция 10.pptxShynar8
 
лекция 9.pptx
лекция 9.pptxлекция 9.pptx
лекция 9.pptxShynar8
 
лекция 8.pptx
лекция 8.pptxлекция 8.pptx
лекция 8.pptxShynar8
 
лекция 7.pptx
лекция 7.pptxлекция 7.pptx
лекция 7.pptxShynar8
 

Mehr von Shynar8 (20)

13.1 лекция.pptx
13.1 лекция.pptx13.1 лекция.pptx
13.1 лекция.pptx
 
12. лекция.pptx
12. лекция.pptx12. лекция.pptx
12. лекция.pptx
 
лекция 11.pptx
лекция 11.pptxлекция 11.pptx
лекция 11.pptx
 
лекция 10.pptx
лекция 10.pptxлекция 10.pptx
лекция 10.pptx
 
лекция 9.pptx
лекция 9.pptxлекция 9.pptx
лекция 9.pptx
 
лекция 8.pptx
лекция 8.pptxлекция 8.pptx
лекция 8.pptx
 
лекция 7.pptx
лекция 7.pptxлекция 7.pptx
лекция 7.pptx
 
лекция 6.pptx
лекция 6.pptxлекция 6.pptx
лекция 6.pptx
 
лекция 5.pptx
лекция 5.pptxлекция 5.pptx
лекция 5.pptx
 
лекция 4.pptx
лекция 4.pptxлекция 4.pptx
лекция 4.pptx
 
лекция 3.pptx
лекция 3.pptxлекция 3.pptx
лекция 3.pptx
 
лекция 2.pptx
лекция 2.pptxлекция 2.pptx
лекция 2.pptx
 
лекция 1.pptx
лекция 1.pptxлекция 1.pptx
лекция 1.pptx
 
лекция 15.pptx
лекция 15.pptxлекция 15.pptx
лекция 15.pptx
 
лекция 13.pptx
лекция 13.pptxлекция 13.pptx
лекция 13.pptx
 
лекция 11.pptx
лекция 11.pptxлекция 11.pptx
лекция 11.pptx
 
лекция 10.pptx
лекция 10.pptxлекция 10.pptx
лекция 10.pptx
 
лекция 9.pptx
лекция 9.pptxлекция 9.pptx
лекция 9.pptx
 
лекция 8.pptx
лекция 8.pptxлекция 8.pptx
лекция 8.pptx
 
лекция 7.pptx
лекция 7.pptxлекция 7.pptx
лекция 7.pptx
 

14.1. лекция.pptx

  • 1. Дәріс тақырыбы:14. Радиоактивті ыдырау заңының негізгі физикалық мінездемелерін анықтау. «Экология және геология» кафедрасы аға оқытушы: Баймукашева Ш.Х.
  • 2. Радиоактивтілік дегеніміз бір химиялық элементтің тұрақсыз изотоптарының қарапайым бөлшектер мен ядролардың шашырауымен жүзеге асатын басқа бір изотопқа айналуын айтамыз. Негізгі айналу түрлеріне 1) α-ыдырау, 2) β-ыдырау (оның ішінде К-жинақтау), 3) протонды радиоактивтілік 4) Ауыр ядролардың спонтанды бөлінуі жатады.
  • 3. Радиоактивті қалдықтарға бұдан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегатты жағдайдағы заттар жатады: құрамындағы радионуклиді нормативті-техникалық құжаттамамен белгіленген деңгейден асатын материалдар, өнімдер, жабдықтар, биологиялық шығудағы объектілер; қызмет мерзімін өткерген немесе зақымдалған радионуклидті көздер; жер қойнауынан алынған және опырылулар мен қалдық қоймасына қоймаланатын жыныстар, рудалар, байыту қалдықтары мен құрамындағы радионуклиді нормативті-техникалық құжаттамамен белгіленген деңгейден асатын руданы сілтіден айыру.
  • 4. Радиоактивті қалдықтар агрегатты жағдайы бойынша сұйық, қатты және газ тәрізді болып бөлінеді. Сұйық радиоактивті қалдықтарға бұдан әрі пайдалануға жатпайтын органикалық және бейорганикалық сұйықтар, радионуклидтерінің үлесті белсендігі сумен түскен кезде араластыру деңгейінің мәнінен он есе артық асатын пульпалар мен шламдар жатады. Қатты радиоактивті қалдықтарға пайдаланылмаған, өзінің ресурсын өткерген радионуклидті көздер, бұдан әрі пайдаланылуға жатпайтын материалдар, өнімдер, жабдықтар, биологиялық объектілер, топырақ, радионуклидтерінің үлесті белсенділігі мәннен артық қатайған сұйық радиоактивті қалдықтар жатады, ал белгісіз радионуклидті құрамда үлесті белсенділік: Газ тәрізді радиоактивті қалдықтарға өндірістік процесс кезінде көлемді белсенділікпен пайда болатын, рұқсат берілетін орташа жылдық көлемді белсенділіктен асатын, пайдалануға жатпайтын радиоактивті газдар мен аэрозельдер жатады. 1) бета-сәулелену көздері үшін 100 кБк/кг; 2) альфа-сәулелену көздері үшін – 10 кБк/кг; 3) трансуранды радионуклидтер үшін–1,0 кБк/кг.
  • 5. Радиоактивті қалдықтар үлесті белсенділігі бойынша -кестеге сәйкес төмен белсенді, орташа белсенді және жоғары белсенді болып үш санатқа бөлінеді. Қалдық санаты Үлесті белсенділік, кБк/кг Бета-сәулелену радионуклидтері Альфа-сәулелену радионуклидтері (трансурандыны қоспағанда) Трансуранды радионуклидтер Төмен белсенді 103 төмен 102төмен 101 төмен Орташа белсенді 103 дан 107 дейін 102 дан 106дейін 101 дан 105 дейін Жоғары белсенді 107жоғары 106 жоғары 105 жоғары кесте – Сұйық және қатты радиоактивті қалдықтардың жіктелуі
  • 6. Технологиялық регламенттерде келесі негізгі сұрақтар көрсетіледі: - сұйық және қатты қалдықтарды тікелей олар пайда болатын орындарда жинауды ұйымдастыру; - қалдықтарды есепке алу тәртібі және оларды уақытша сақтау талаптары; - қалдықтарды ұйым ішінде тасымалдау тәртібі мен маршруттары; - ұйымның радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау үшін пайдаланатын жинағыш- контейнерлерді дезактивациялау тәртібі; - қысқа мерзімді радионуклидтері бар радиоактивті қалдықтарды ұстау мен жою тәртібі; - қалдықтар мен жұмысын өткерген көздерді көмуге беруді дайындау тәртібі; - радиоактивті қалдықтармен жұмыс кезінде радиациялық бақылауды ұйымдастыру;
  • 7. Радиоактивті қалдықтарды жинау тікелей олардың пайда болуы орындарында келесілерді есепке алумен, қалыпты қалдықтардан бөлек жүргізіледі: - қалдықтар санаты; - агрегатты жағдай (қатты, сұйық); - физикалық және химиялық сипаттамалар; - табиғи (органикалық және бейорганикалық); - қалдықтарда болатын радионуклидтердің жартылай бөліну кезеңі (15 тәуліктен кем, 15 тәуліктен артық); - жарылыс және от қауіптіліктер; - қалдықтарды өңдеудің қабылданған әдістері.
  • 8. Контейнерлердің орналасу орны сәулеленуді олардың шегінген тыс рұқсат берілетін деңгейге дейін төмендету үшін қорғаныс жабдықтарымен жабдықталады. Сұйық радиоактивті қалдықтар ыдысқа жиналады. Олар шоғырландырылуға жатады және олар өздері пайда болған ұйымда немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымда қатты жағдайға ауыстырылады, содан кейін көмілуге жіберіледі.
  • 9. Радиоактивті қалдықтарды көму орындарын таңдау гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық және сейсмикалық жағдайларды ескерумен жүргізіледі. Бұл ретте тұрғындар мен қоршаған ортаның ұзақ мерзімді болжауын есепке алумен радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.
  • 10. Иондайтын сәулелену көздерін пайдаланудан шығару І санатты радиациялық қондырғыларда пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін бес жыл мерзімнен кешіктірілмей, тұтас объектіні немесе оның бөліктерін пайдаланудан шығару жобасы өңделеді. ІІ санатты радиациялық қондырғылар үшін пайдаланудан шығару жобасы пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін үш жыл мерзімнен, ІІІ санатты радиациялық қондырғылар үшін 1 жылдан кешіктірілмей өңделеді.
  • 11. Радиациялық қондырғыларда пайдаланудан шығару жобасы: - қайта монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған қажетті жабдықты дайындауды; - өнеркәсіп қауіпсіздігін, жұмыстарды жүргізу кезінде дозиметриялық және санитарлы-гигиеналық бақылауды қамтамасыз ету бойынша шараларды; - жөнделетін жабдықтың дезактивация әдістері мен құралдарын; - радиоакитвті қалдықтарды пайдалану тәртібін; - қоршаған ортаны қорғау шаралары және жұмыс барысында да, сондай-ақ аяқталған соң да экологиялық жағдайды қалыптандыруды құрайды.
  • 12. Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары Тасымалдау, қорғау және қауіпсіздікті жүзеге асыру кезінде жекелеген мөлшер үлкендігі, сәулеленуге тартылған адам саны және сәулелену нақтылығы барынша нанымды төмен деңгейде ұсталатындай, ал жеке сәулелену мөлшері сәйкес мөлшер шамасынан аспайтындай оңтайландырылады.
  • 13. Иондайтын сәулелену көздері бар орауларда және оларды тасымалдайтын көліктерде сәйкес нөмірлер, таңбалар, этикеткалар мен белгілер болады.
  • 14. Иондайтын сәулелену көздерін автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау Иондайтын сәулелену көздерін тасымалдайтын автокөлік құралдары келесі талаптарға сәйкес болады: •дайындаушының құрылымдық-техникалық сипаттамасына; тіркеу құжаттарының деректеріне; •иондайтын сәулелену көздерін қауіпсіз тасымалдау шарттарына; •автокөлік құралдарына қойылатын санитарлы-гигиеналық критерийлерге; •жол қозғалыс ережелеріне; •еңбек режимі және жүргізушілер демалысын тіркеудің бақылаушы құрылғыларымен жабдықталған (тахографтармен) болады; •тану белгілерімен жабдықталады; •Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға жіберілетін автокөлік құралдарының рұқсаты болады; •ақаусыз аспаппен және жабдықпен; • жүргізушінің және ілесуші персоналдың жеке қорғаныс құралымен жиынтықталған болады.
  • 15. Иондайтын сәулелену көздерін автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау бойынша сапар басталарға дейін рейсалды нұсқаулықтан өтеді және өзімен бірге келесі ілеспе құжаттары болады: - жүргізушінің Қазақстан Республикасы аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға рұқсаты туралы куәлігі; - иондайтын сәулелену көздерін тасымалдау маршрутының бланкісі; - жүргізушіге нұсқаулық; - көлік жапсырмасы; - жүк жөнелтуші өңдеген авариялық жағдайдағы әрекет жоспары; - тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жүк алушының, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, жол қозғалысы қауіпсіздігін, қозғалыс маршруты бойынша орналасқан төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату бойынша уәкілетті органдар мекен-жайы мен телефондары.
  • 16. Қауіпті өндірістік объектілердегі аварияны таратуға қойылатын дайындықты қамтамасыз ету Иондайтын сәулелену көздерін пайдалану кезінде, аварияны тарату жоспарын өңдейді: - радиациялық авариялардың алдын алу, олардың салдарын жайылтпау мен тарату бойынша жұмыстарға кәсіби авариялық- құтқару қызметін тартады; - қауіпті өндірістік объектілерде жұмыскерлерді радиациялық авария, оқиға жағдайындағы әрекеттер мен қорғаныс әдістеріне үйретеді; - радиациялық авариялардың салдарын жайылтпау мен тарату үшін материалдық және қаржылық ресурстар қоры болады; - радиациялық жараланулардың алдын алудың медициналық құралдары және радиациялық авария кезінде зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету құралдары болады. Аварияны тарату жоспарының келесі бөлімдері болады: - авария кезінде болжанатын радиациялық жағдайдың ықтимал себептерін, түрлерін және аварияның даму сценарийлерін есепке алумен радиациялық объектіде болуы мүмкін аварияның болжамы; - қорғаныс шараларын жүргізу туралы шешімдер қабылдауға арналған критерийлер; - аварияны және оның салдарын тарату кезінде өзара әрекет жүзеге асырылатын ұйымдар тізбесі; - авариялық радиациялық бақылауды ұйымдастыру; - радиациялық авария өлшемі мен сипатын бағалау; - авариялық жоспарды әрекетке енгізу тәртібі; - хабарлау және ақпараттандыру тәртібі; - авария кезінде персонал тәртібі; - авариялық жұмыстар жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар қабылдайтын әрекеттер; - авариялық жұмыстар жүргізу кезінде персоналды қорғау шаралары; - өртке қарсы шаралар; - тұрғындар мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар; - зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету; - радиоактивті ластану ошақтарын (телімдерін) жайылтпау мен тарату бойынша шаралар; - персоналды авария жағдайындағы әрекетке дайындау мен жаттықтыру.
  • 17. Өндірістік телімдерде, санитарлық өтулерде және радиациялық объектінің денсаулық пунктінде авария кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмекке қажетті құралдар жиынтығы бар дәрі қорап, ал радиоактивті заттармен ашық түрде жұмыс жүргізілетін объектілерде ластанған тұлғаларды санитарлық өңдеуге арналған толтырылған қор болады. Оқу жаттығулары, дабылдар уәкілетті органның аумақтық бөлініс және авариялық- құтқару қызметі өкілдерімен бірге жүргізіледі.