Жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы жылжымалы құрам, автоматтық тежегіштермен, ал жолаушы вагондары мен локомотивтер со- нымен қоса электрлі-пневатикалық тежегіштермен жабдықталуы тиіс. Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның автоматтық және электрлі-пневматикалық тежегіштері «ҚТЖ"¥К АҚ белгілеген нормалар бойынша күтіп ұсталуы және әр түрлі пайдалану жағдайында басқарыла алатындай және жұмысы сенімді болуы, тежелуінің жатықтығын қамтамасыз етуі, ал автоматтық тежегіштері сонымен қатар ауақұбыры магистралінің ажыраған немесе үзілген кезінде және тоқтату краны (шұғыл тежеу краны) ашылған кезінде поездың тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс. Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның автоматтық және электрлі-пневматикалық тежегіштері шұғыл тежеуі кезіндегі поездың "ҚТЖ" ¥К АҚ белгілеген есептемелік деректері бойынша белгіленген тежеу жолының ұзындығынан аспайтын қашықтықта тоқтауын кепілдейтін тежегіштік басуды қамтамасыз етуі тиіс. Автоматтық тежегіштер вагондардың тиелу деңгейіне құрамның ұзындығына және жолдың пішініне байланысты тежеудің әр түрлі режим- дерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Тежегіштік крандар жолаушы вагонадарында және моторвагонды жыл-жымалы құрамда тамбурларда вагондардың ішінде орнатылады және пломбыланады.