SlideShare ist ein Scribd-Unternehmen logo
1 von 8
13.01.2017ж САД -9-152 тобы
Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Шаханов. «Желтоқсан жаңғырығы»,
«Түсінісу теоремасы» балладалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақынның шығармашылық жолы мен ақындық қуатының күшін
түсіндіру, ұғымдарын кеңейту, білім деңгейлерін арттыру.
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жоспар құрудағдыларын, өз
бетімен ізденуге, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі
мәдениетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының
қалыптасуына ықпал ету, аңсап жеткен азаттықтың құндылығын
сезінуге, білуге, құрметтеуге баулу, адамгершілікке,
ұлтжандылыққа және сыни пікірі қалыптасқан азамат болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі және практикалық (сұрақ-жауап, талқылау,
пікірлесу).
Көрнекіліктер: ақынның шығармалар жинағы, мультимедиялық проектор
арқылы слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа даярлау,назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасы
Мұхтар Шаханов өзінің “Өзендер”деп аталатын өлеңінде адам тағдырын
өзенмен салыстырып, жастарды өмірін босқаөткізбеуге үндейді.
Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан.
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан -деп жырлағандай ақын өмірінен
сіздерге бірнеше сұрақтар береміз
а) үлестірмелі cұрақ карточкалары.
1. Мұхтар Шахановтың өмір жолы
2. Ақын еңбек жолын неден бастады?
3. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы қандай?
4 Ақынның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
б) топтастыру.
«Жалын» журналының редакторы
ақын қоғам қайраткері
елші тіл жанашыры
3. Жаңа сабақ.
Қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз
үнімен ХХ ғасырдыңалпысыншы жылдарында
жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов –
қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан
талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ
азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлға.
Абай ақын бір басқа,
Мұхтар басқа,
Мен де, досым, ендеше басқа болам.
Жол іздеймін әлі ешкім бастамаған.
Өзім қанша мықтыны мойындадым,
Енді өзімді соларға мойындатам! - деп
жырлаған М.Шаханов қазіргі таңда
көпшіліктің құлай сүйген дарабоз ақыны.
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған
бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі
халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы",
"Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары
республикамызда және шетел
театрларында қойылған.
Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған "Күз
басындағы аңшының зары" атты эссе
кітабы мен "Сократты еске алу түні"
атты драмасы көптеген тілдерге
аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік
құпиясы" драмалық туындысы негізінде
Украинаның Довженко атындағы
киностудиясы екі сериялы телефильм
шығарды. Мұхтар Шахановтың
поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры,
халқының тағдыры.
Мұхтар Шаханов
Ақынның:
"Тарихың тұр санаңа өткел тастап,
Өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен
бастап,
Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер.
Қатенді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ
тірлік.
Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,
Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық.
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің,
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол — рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық",
— деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің
алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған.
М.Шахановтыңсөзімен айтсақ:"Өйткені қай елде
болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының
жүрегіне тебумен бірдей".
2006 жылы ақынның "Тілсіздендіру анатомиясы"
атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа тіл,
ұлттық рух, космополиттік ағым төңірегіндегі жазылған бірнеше эссе-
поэмалары енген.
а) М. Шаханов туралы айтылған әлемнің ұлы тұлғаларының
пікірлеріне назар аударайық.
1. М.Шаханов – өзінің дүлей дәуірінің
белсенді ар-ожданы. Оны билік
тұғырындағылар бағалай қояр ма екен? Бірақ
мен осындай азаматтың өзіме жақын дос
екенін мақтан етемін.
Расул Гамзатов, авар ақыны
2.Қазақстан деген сөзді естісем болды, бірінші
кезекте ойыма екі есім оралады. Оның бірі –
Байқоңыр да, екіншісі – Мұхтар Шаханов.
Байқоңыр арқылы ғарышқа жол тарттым, өз
халқымның ұлттық батыры болдым, ал
М.Шаханов арқылы халықтың нағыз
батырының бейнесін көрдім.
Ж.Гуррагча,
Моңғол Халық Республикасыныңтұңғыш ғарышкері
3....Рухани байлықты мойындамай, тек
қана жалаң білімге ден қойған қазіргі
«компьютербасты жарты» адамдардың
пайда болуы жайлы Шаханов
концепциясы бізді, жапондықтарды,
қайран қалдырды. Мен оның халқын
осындай тегеурінді перзент тудыра
алғандығымен құттықтағым келеді.
Дайсаку Икэда, жапон ақыны
б) Адуынды ақын Мұхтар Шаханов
туралы пікірлерді ой талқыға сала
отырып, қандай ақын деп атауға болады
деген сұрақтуындайды. Мысалы, Оралхан Бөкейді «Мұзтаудың мұзбалағы»,
ұлы Абайды дана ақын, Мағжанды лирик ақын деп атаймыз, ал ұлтсыздануға
қарсы, ана тілімізге қатысты шырылдап, ашық күреске шығып жүрген,
ақындығыменқоса қоғам қайраткері Мұхтардай үлкен жүректі ақынымызды
қалай атасақ болады?
М.Шаханов – адуынды, арқалы, ұлты үшін жанын құрбан етуге дайын
намысты ақын, мәрт ақын, аңғал да батыр ақын, көзсіз ерлікке бара алатын
жігерлі ақын.
в) Ақынның әр жылы жарыққа шыққан
кітаптарымен таныстыру және марапаттары
Қырғыз Республикасының халық ақыны
(1994), Қазақстан Республикасының Халық
жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта
бағдарламасы сыйлығының, Түрік республикасының
"Түрік дүниесіне қызметі үшін" халықаралық
сыйлығының және Қырғыз Республикасы
халықаралық "Руханият", түрік дүниесі жазушылар
бірлестігінің "Шахрияр", ЮНЕСКО- ның "Боорукер"
клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы "Жазагер
жады космоформуласы" шығармасы үшін
Калифорния Ғылым индустрия, білім және өнер
академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе
қаласында "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны"
сыйлығы берілген.
Танымдық – зерттеусабағы бойынша топты
үш топқа бөлеміз.
1. Мұхтар Шаханов – ақын.
2. Мұхтар Шаханов – қоғам қайраткері.
3. Мұхтар Шаханов поэмалары.
Әр топ өздерінің зерттеулері негізінде
баяндайды. Ақын өлеңдерінің шығу тарихын
айтып, өлеңдерін жатқа айтады.
1. Мұхтар Шаханов – ақын.
«Еркін ой» стратегиясы бойынша өлеңдеріне ой
толғап, тірек – сызба ретінде көрсету.
Өлеңдері Жадымда қалған
жайсаңдар(арнау
өлеңдер)
Туған жер,
туған ел, ана
тілімізге
байланысты
өлеңдер
Махаббатты
қорғау
(махаббат
жайлы
өлеңдер)
Ұлтсыздануға
қарсы өлеңдері
1. «Мені неге Мұхтар
қойған» (М.Әуезовке)
«Тілсіздендіру
анатомиясы»,
«Бақытты
бол»
«Тамырсыздану
қаупі»
2. Алтын, күміс және
қалайы»(Ш.Айтматовқа)
«Мемлекеттік
тіл немесе
Алжирлік
мінез»
«Мен саған
өкпелемеймін»
«Ұлтсыздар
шеруі»
3. «Ғашық адам
қартаймайды»
(Ә.Тәжібаевқа)
Төрт ана «Жұбайлар
жыры»
Космополит
қазақтар
2. Мұхтар Шахановпоэмалары
М.Шаханов қазақ поэзиясының алтын қорына мол әдеби мұра
қалдырған, сыры мен сиқыры көп ғаламда өзінің құндылығына алып
тербетер құдіретті жыр – дастандар жазған. «Танакөз» поэмасы – ақынның
эпикалық жанрдағы алғашқы туындысы. Поэмадағы тақырып өзегі – адамзат
баласындағы сезімнің ең қастерлісі – махаббат пен қасиеттің ең асылы –
достық. Ал «Өркениеттің құлдырауы» атты поэмасында қазіргі заманның ең
өзекті мәселесі – әлемдік өркениеттің жауына айналған рухани-адамгершілік
қасиеттердің құлдырауы арқау етілген.
Поэма – балладалары Тақырыбы
«Танакөз» поэмасы адал достық және махаббат жайлы
«Сенім патшалығы» поэмасы тарих пен ақын жайында
«Күре тамырды іздеу» поэмасы махаббат заңы және жастық шақ
«Жанерке» балладасы Саттар Ерубаев туралы
«Нарынқұм трагедиясы» поэмасы Махамбет туралы толғау
«12 – 3 ? поэмасы ел басқарудағы тоқыраушылық
«Отырар» дастаны жеңілсе де рухы түспеген халық
жайлы
«Өркениеттің адасуы» поэмасы ұлтсыздану қаупі жайлы
«Арман» балладасы әлемнің екінші ұстазы туралы
3.Мұхтар Шаханов – қоғам қайраткері.
Ұлт мәселесіндегі позициясы айқын, табанды,
қазақ тілінің тағдырына қатысты ақынның
еңбегі өлшеусіз екенін ешкім жоққа шығара
алмайды.
КСРО Жазушылар одағының мүшесі,
«Жалын» журналының бас редакторы,
Қазақстанның Халық жазушысы, Республикада
тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс –
Арал және Балқаш мәселелері жөніндегі
қоғамдық комитеттің төрағасы, 1986 жылғы
желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына
ұлтшыл деп кінә таққан КОКП Орталық
комитеті Саяси бюросының қаулысына қарсы
және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты
қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан
Жазушылар одағының пленумында батыл
мінез көрсетті. М.Шаханов 1926 жылы
«ислам дінінің қалдығы» деген
желеумен Кеңес Одағының
тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым
салған Наурыз мерекесінің 62 жылдан
соң қайта салтанат құруына мұрындық
болды. Ақынның «Өркениеттің адасуы»,
«Жазагер жады
космоформуласы»(Шыңғыс ханның
пенделік құпиясы) атты романдары
ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік
деңгейде қызу пікірталас тудырды.
Шығармалары дүниежүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылды. Автордың
Ш.Айтматовпен бірлесіп жазылған «Құз басындағы аңшының зары» атты
кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы да бірнеше елдің кітап
дүкендерінен орын тепті.
Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық
Қаһарманы» атағынан, орден, медальдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол
оны былай түсіндіреді: «Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына
еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек».
Құлдық сана зардабы немесе төртке
бөлінген қазақтар
Топтар
Бірінші топ
Тілін, рухын, салт-дәстүрін сақтаған,
Яғни ұлттық құндылықты жан-тәнімен
жақтаған....
Екінші топ
Жұлдызды топ маңдайына бақ қонған,
Орыстану ғасырының сеніміне тап болған....
Үшінші топ
Мүлде ана тілсіз өсіп-өнгендер,
Баба рухын алты қырдың ар жағына
көмгендер...
Төртінші топ
Қауіпті топ, бұрын мүлде болмаған,
Қажет кезде өз тілінде мүдіріссіз сарнаған.
Секілденіп көрінгенмен ұлтын, тілін
қорғаған,
Қандастары екі жүзді мінезінен сорлаған.
5.ИНСЕРТ(INSERT) – түртіп алу жүйесі
Мен үшін
түсінікті
Менің білетініме
сай келмейді не
өзгеше
Жаңа ақпарат Мені таң
қалдырды немесе
түсініксіз
6. Сабақты қорытындылау.
Данышпан Л.Толстой айтпақшы, адам санасына сөзі арқылы ойын,
өнері арқылы сезімін дарытып жүрген Мұхтар Шахановты қазақтың
санасындағы, әдебиетіндегі орнын ешкім де жоққа шығара алмайды.Бізге
патриоттық рух жетіспейтін уақытта жалынды жырлар жазып жүрген ақын –
қай қырынан алып қарасақ та қымбат.
7. Үйге тапсырма. Бағалау.
Өзін-өзі дамыту бағытындағы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде
студенттер бағаланады. Ақынның «Желтоқсан жаңғырығы» және«Түсінісу
теоремасы» балладаларының мағынасынтүсіндіру және үзінді жаттау.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым.Қазақәдебиеті. –
Алматы:Мектеп,2007.
2. М.Шаханов. Өркениеттің адасуы.
3. М.Шаханов. Ш.Айтматов. «Құз басындағы аңшыныңзары»
4. М.Шаханов. Желтоқсан эпопеясы.
5. «Аңыз адам» журналы, бұқаралық ақпарат құралдары.

Weitere ähnliche Inhalte

Was ist angesagt?

ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 
гылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыгылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыnurbolat84
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021ssuser19e2ac
 
Өнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топӨнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топNurlan Abilhanov
 
Сәбит Мұқанов
Сәбит МұқановСәбит Мұқанов
Сәбит МұқановBilim All
 
Иманжан Жылқайдарұлы
Иманжан    ЖылқайдарұлыИманжан    Жылқайдарұлы
Иманжан Жылқайдарұлыsanvia
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)Nina Panasenko
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовGotov .kz
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххssuser8a5811
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5sanvia
 
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдары
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдарыҚазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдары
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдарыBilim All
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанsanvia
 

Was ist angesagt? (20)

ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
гылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыгылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауы
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
аспандиярова лк
аспандиярова лкаспандиярова лк
аспандиярова лк
 
Өнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топӨнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топ
 
Iliaszhansugirov
IliaszhansugirovIliaszhansugirov
Iliaszhansugirov
 
Magzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaevMagzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaev
 
Сәбит Мұқанов
Сәбит МұқановСәбит Мұқанов
Сәбит Мұқанов
 
Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 
Aimautov
AimautovAimautov
Aimautov
 
Иманжан Жылқайдарұлы
Иманжан    ЖылқайдарұлыИманжан    Жылқайдарұлы
Иманжан Жылқайдарұлы
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдары
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдарыҚазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдары
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту жолдары
 
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыныМұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялаған
 

Ähnlich wie шахановвввв

№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.pptssuser7a793e
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
олжас
олжасолжас
олжасDan41k
 
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктерKasymbek
 
презентация кафедры2
презентация кафедры2презентация кафедры2
презентация кафедры2nietzhan
 
презентация кафедры2
презентация кафедры2презентация кафедры2
презентация кафедры2nietzhan
 
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.pptssuser7a793e
 
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxҚазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxErnurAkhmetov
 
абай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасыабай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасыBilim All
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
роза мұқанова жазушы,драматург
роза мұқанова жазушы,драматургроза мұқанова жазушы,драматург
роза мұқанова жазушы,драматургAsem Sarsembayeva
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыDan41k
 

Ähnlich wie шахановвввв (20)

№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
 
«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
олжас
олжасолжас
олжас
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
 
презентация кафедры2
презентация кафедры2презентация кафедры2
презентация кафедры2
 
презентация кафедры2
презентация кафедры2презентация кафедры2
презентация кафедры2
 
с бит
с  битс  бит
с бит
 
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
 
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxҚазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
 
абай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасыабай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасы
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
роза мұқанова жазушы,драматург
роза мұқанова жазушы,драматургроза мұқанова жазушы,драматург
роза мұқанова жазушы,драматург
 
65
6565
65
 
aAa
aAaaAa
aAa
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясы
 

Mehr von Вспомогательный образовательный сайт

Mehr von Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

шахановвввв

  • 1. 13.01.2017ж САД -9-152 тобы Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Шаханов. «Желтоқсан жаңғырығы», «Түсінісу теоремасы» балладалары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақынның шығармашылық жолы мен ақындық қуатының күшін түсіндіру, ұғымдарын кеңейту, білім деңгейлерін арттыру. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жоспар құрудағдыларын, өз бетімен ізденуге, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту; Тәрбиелік: оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, аңсап жеткен азаттықтың құндылығын сезінуге, білуге, құрметтеуге баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа және сыни пікірі қалыптасқан азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі және практикалық (сұрақ-жауап, талқылау, пікірлесу). Көрнекіліктер: ақынның шығармалар жинағы, мультимедиялық проектор арқылы слайдтар. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау,назарларын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасы Мұхтар Шаханов өзінің “Өзендер”деп аталатын өлеңінде адам тағдырын өзенмен салыстырып, жастарды өмірін босқаөткізбеуге үндейді. Ән туады мұраттан, Ой туады сұрақтан. Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан -деп жырлағандай ақын өмірінен сіздерге бірнеше сұрақтар береміз а) үлестірмелі cұрақ карточкалары. 1. Мұхтар Шахановтың өмір жолы 2. Ақын еңбек жолын неден бастады? 3. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы қандай? 4 Ақынның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
  • 2. б) топтастыру. «Жалын» журналының редакторы ақын қоғам қайраткері елші тіл жанашыры 3. Жаңа сабақ. Қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен ХХ ғасырдыңалпысыншы жылдарында жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов – қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлға. Абай ақын бір басқа, Мұхтар басқа, Мен де, досым, ендеше басқа болам. Жол іздеймін әлі ешкім бастамаған. Өзім қанша мықтыны мойындадым, Енді өзімді соларға мойындатам! - деп жырлаған М.Шаханов қазіргі таңда көпшіліктің құлай сүйген дарабоз ақыны. Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры. Мұхтар Шаханов
  • 3. Ақынның: "Тарихың тұр санаңа өткел тастап, Өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. Қатенді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық, Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің, Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? Ол — рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық", — деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М.Шахановтыңсөзімен айтсақ:"Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей". 2006 жылы ақынның "Тілсіздендіру анатомиясы" атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа тіл, ұлттық рух, космополиттік ағым төңірегіндегі жазылған бірнеше эссе- поэмалары енген. а) М. Шаханов туралы айтылған әлемнің ұлы тұлғаларының пікірлеріне назар аударайық. 1. М.Шаханов – өзінің дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр ма екен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін. Расул Гамзатов, авар ақыны 2.Қазақстан деген сөзді естісем болды, бірінші кезекте ойыма екі есім оралады. Оның бірі – Байқоңыр да, екіншісі – Мұхтар Шаханов. Байқоңыр арқылы ғарышқа жол тарттым, өз халқымның ұлттық батыры болдым, ал М.Шаханов арқылы халықтың нағыз батырының бейнесін көрдім. Ж.Гуррагча, Моңғол Халық Республикасыныңтұңғыш ғарышкері
  • 4. 3....Рухани байлықты мойындамай, тек қана жалаң білімге ден қойған қазіргі «компьютербасты жарты» адамдардың пайда болуы жайлы Шаханов концепциясы бізді, жапондықтарды, қайран қалдырды. Мен оның халқын осындай тегеурінді перзент тудыра алғандығымен құттықтағым келеді. Дайсаку Икэда, жапон ақыны б) Адуынды ақын Мұхтар Шаханов туралы пікірлерді ой талқыға сала отырып, қандай ақын деп атауға болады деген сұрақтуындайды. Мысалы, Оралхан Бөкейді «Мұзтаудың мұзбалағы», ұлы Абайды дана ақын, Мағжанды лирик ақын деп атаймыз, ал ұлтсыздануға қарсы, ана тілімізге қатысты шырылдап, ашық күреске шығып жүрген, ақындығыменқоса қоғам қайраткері Мұхтардай үлкен жүректі ақынымызды қалай атасақ болады? М.Шаханов – адуынды, арқалы, ұлты үшін жанын құрбан етуге дайын намысты ақын, мәрт ақын, аңғал да батыр ақын, көзсіз ерлікке бара алатын жігерлі ақын. в) Ақынның әр жылы жарыққа шыққан кітаптарымен таныстыру және марапаттары Қырғыз Республикасының халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Түрік республикасының "Түрік дүниесіне қызметі үшін" халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық "Руханият", түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің "Шахрияр", ЮНЕСКО- ның "Боорукер" клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы "Жазагер жады космоформуласы" шығармасы үшін Калифорния Ғылым индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" сыйлығы берілген.
  • 5. Танымдық – зерттеусабағы бойынша топты үш топқа бөлеміз. 1. Мұхтар Шаханов – ақын. 2. Мұхтар Шаханов – қоғам қайраткері. 3. Мұхтар Шаханов поэмалары. Әр топ өздерінің зерттеулері негізінде баяндайды. Ақын өлеңдерінің шығу тарихын айтып, өлеңдерін жатқа айтады. 1. Мұхтар Шаханов – ақын. «Еркін ой» стратегиясы бойынша өлеңдеріне ой толғап, тірек – сызба ретінде көрсету. Өлеңдері Жадымда қалған жайсаңдар(арнау өлеңдер) Туған жер, туған ел, ана тілімізге байланысты өлеңдер Махаббатты қорғау (махаббат жайлы өлеңдер) Ұлтсыздануға қарсы өлеңдері 1. «Мені неге Мұхтар қойған» (М.Әуезовке) «Тілсіздендіру анатомиясы», «Бақытты бол» «Тамырсыздану қаупі» 2. Алтын, күміс және қалайы»(Ш.Айтматовқа) «Мемлекеттік тіл немесе Алжирлік мінез» «Мен саған өкпелемеймін» «Ұлтсыздар шеруі» 3. «Ғашық адам қартаймайды» (Ә.Тәжібаевқа) Төрт ана «Жұбайлар жыры» Космополит қазақтар 2. Мұхтар Шахановпоэмалары М.Шаханов қазақ поэзиясының алтын қорына мол әдеби мұра қалдырған, сыры мен сиқыры көп ғаламда өзінің құндылығына алып тербетер құдіретті жыр – дастандар жазған. «Танакөз» поэмасы – ақынның эпикалық жанрдағы алғашқы туындысы. Поэмадағы тақырып өзегі – адамзат баласындағы сезімнің ең қастерлісі – махаббат пен қасиеттің ең асылы – достық. Ал «Өркениеттің құлдырауы» атты поэмасында қазіргі заманның ең өзекті мәселесі – әлемдік өркениеттің жауына айналған рухани-адамгершілік қасиеттердің құлдырауы арқау етілген.
  • 6. Поэма – балладалары Тақырыбы «Танакөз» поэмасы адал достық және махаббат жайлы «Сенім патшалығы» поэмасы тарих пен ақын жайында «Күре тамырды іздеу» поэмасы махаббат заңы және жастық шақ «Жанерке» балладасы Саттар Ерубаев туралы «Нарынқұм трагедиясы» поэмасы Махамбет туралы толғау «12 – 3 ? поэмасы ел басқарудағы тоқыраушылық «Отырар» дастаны жеңілсе де рухы түспеген халық жайлы «Өркениеттің адасуы» поэмасы ұлтсыздану қаупі жайлы «Арман» балладасы әлемнің екінші ұстазы туралы 3.Мұхтар Шаханов – қоғам қайраткері. Ұлт мәселесіндегі позициясы айқын, табанды, қазақ тілінің тағдырына қатысты ақынның еңбегі өлшеусіз екенін ешкім жоққа шығара алмайды. КСРО Жазушылар одағының мүшесі, «Жалын» журналының бас редакторы, Қазақстанның Халық жазушысы, Республикада тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал және Балқаш мәселелері жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына ұлтшыл деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар одағының пленумында батыл мінез көрсетті. М.Шаханов 1926 жылы «ислам дінінің қалдығы» деген желеумен Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған Наурыз мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды. Ақынның «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы»(Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды.
  • 7. Шығармалары дүниежүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылды. Автордың Ш.Айтматовпен бірлесіп жазылған «Құз басындағы аңшының зары» атты кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы да бірнеше елдің кітап дүкендерінен орын тепті. Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық Қаһарманы» атағынан, орден, медальдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол оны былай түсіндіреді: «Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек». Құлдық сана зардабы немесе төртке бөлінген қазақтар Топтар Бірінші топ Тілін, рухын, салт-дәстүрін сақтаған, Яғни ұлттық құндылықты жан-тәнімен жақтаған.... Екінші топ Жұлдызды топ маңдайына бақ қонған, Орыстану ғасырының сеніміне тап болған.... Үшінші топ Мүлде ана тілсіз өсіп-өнгендер, Баба рухын алты қырдың ар жағына көмгендер... Төртінші топ Қауіпті топ, бұрын мүлде болмаған, Қажет кезде өз тілінде мүдіріссіз сарнаған. Секілденіп көрінгенмен ұлтын, тілін қорғаған, Қандастары екі жүзді мінезінен сорлаған. 5.ИНСЕРТ(INSERT) – түртіп алу жүйесі Мен үшін түсінікті Менің білетініме сай келмейді не өзгеше Жаңа ақпарат Мені таң қалдырды немесе түсініксіз 6. Сабақты қорытындылау. Данышпан Л.Толстой айтпақшы, адам санасына сөзі арқылы ойын, өнері арқылы сезімін дарытып жүрген Мұхтар Шахановты қазақтың санасындағы, әдебиетіндегі орнын ешкім де жоққа шығара алмайды.Бізге патриоттық рух жетіспейтін уақытта жалынды жырлар жазып жүрген ақын – қай қырынан алып қарасақ та қымбат.
  • 8. 7. Үйге тапсырма. Бағалау. Өзін-өзі дамыту бағытындағы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде студенттер бағаланады. Ақынның «Желтоқсан жаңғырығы» және«Түсінісу теоремасы» балладаларының мағынасынтүсіндіру және үзінді жаттау. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым.Қазақәдебиеті. – Алматы:Мектеп,2007. 2. М.Шаханов. Өркениеттің адасуы. 3. М.Шаханов. Ш.Айтматов. «Құз басындағы аңшыныңзары» 4. М.Шаханов. Желтоқсан эпопеясы. 5. «Аңыз адам» журналы, бұқаралық ақпарат құралдары.